Қазақстанда 3 164 бала коронавирус жұқтырды

5 Қараша 2020, 09:36
Сурет: ҚР ДСМ баспасөз қызметі

Коронавирус індеті басталғаннан бері Қазақстан Республикасында 3 164 бала ауырды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Биыл Қазақстанда 3 164 баладан COVID-19 диагнозы анықталды. Бұл республика бойынша жалпы науқас санының 2,7 пайызы. Оның ішінде 114 - жаңа туған нәресте. 1 810 балаға COVID-19 зертханалық расталмаған КВИ (-) диагнозы қойылған немесе ҚР-да барлық жағдайдың 4,8% . COVID-19-дан балалар қайтыс болған жоқ", - деді А. Ғиният.

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясы кішкентай науқастардың 85% немесе 2 697 балада симптомсыз және жеңіл, 14,2% немесе 448 балада орташа деңгейде, ал 19 балада ауыр өтті, бұл барлық жағдайлардың 0,6% .

"Бүгінгі таңда COVID-19 шалдыққан 340 бала бақылауда, оның ішінде: жаңа туылған нәрестелер – 3, 28 күннен 18 жасқа дейінгі балалар – 337, ауруханаға жатқызылғандар – 55, амбулаториялық емдеуде – 285", - деп хабарлады Денсаулық сақтау вице-министрі.

Жеті балаға асқынған COVID-19 тән белгілері бар вирустық пневмония диагнозы қойылған, 3 пациенттен бактериялық сипаттағы пневмония анықталды.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған 200 оқушы мамандардың бақылауында, сондай-ақ балабақшалардағы кезекші топқа барған 18 бала және интернаттан келген 21 бала бар.

"Жалпы Covid-19 жұқтырған 200 оқушы, сондай-ақ балабақшаның кезекші тобына барған 18 бала және интернаттан 21 бала бақылауда", - деді А.Ғиният.

2020 жылғы тамыздан республикада COVID–19-мен байланысты мультисистемалық қабыну синдромы (Кавасакиге ұқсас синдром) тіркеле бастады.

"Биыл 42 баладан мультисистемалық қабыну синдромы анықталды, қазіргі уақытта мұндай диагнозы бар пациент жоқ", - деді Денсаулық сақтау вице-министрі.

Халықаралық деректерді сараптау барысында (ЮНИСЕФ) COVID-19 жұқтырған балалар популяциясы толық зерттелмегені байқалады,-деді ол. Сонымен қатар, ДДСҰ мәліметтеріне сәйкес, зертханада расталған жағдайлардың 1-7% балаларға тиесілі, ал өлім-жітім басқа топтармен салыстырғанда төмен.

Жалпы, негізгі статистикалық деректерге қарасақ, бала туу көрсеткіші жақсарған, балалар арасындағы аурушаңдық пен өлім-жітім деңгейін төмендегені байқалады.

"2020 жылдың 9 айында жалпы 320 302 бала дүниеге келді, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінде туылғаннан 5% көп. Биыл 9 айының қорытындысы бойынша 0-ден 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы сырқаттанушылық көрсеткіші 15% төмендеп, 2019 жылдың 9 айымен салыстырғанда 100 мың балаға 56 682,7 ауруды құрады", - деп хабарлады А.Ғиният.

Барлық жастағы балалар жоғарғы тыныс жолдарының ауруына жиі шалдығады. Жедел деректер бойынша 0-17 жастағы балалар арасында жіті респираторлық вирустық инфекция37% төмендегені байқалады. Сондай-ақ, осы кезеңде балалар арасында тұмау 28% азайған. 2020 жылдың 9 айында пневмониямен жалпы сырқаттанушылық көрсеткіші 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5% төмендеп, 100 мың балаға шаққанда 792,4 құрады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?