Оқу жылы басталғалы бері қанша оқушы КВИ жұқтырды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2021 22:58 zakon.kz
КВИ жұқтырудың 9 185 жағдайы тіркелді, бұл еліміздегі оқушылардың жалпы санының 0,26% құрайды.

Оқу жылы басталғалы бері оқушылар арасында 9 мыңнан астам COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Жаңа оқу жылының басталуына байланысты оқушылар арасында күнделікті мониторинг жүргізіліп келеді. КВИ жұқтырудың 9 185 жағдайы тіркелді, бұл еліміздегі оқушылардың жалпы санының 0,26% құрайды. Науқаспен байланысқа болған 102 мыңнан астам адам анықталды, оның 624-інен алынған ПТР-тест оң нәтиже берді, - деді ол брифингте.

Оның айтуынша, студенттер арасында 1 282 жағдай тіркелді: оның ішінде 935-і орта білім беру ұйымдарының және 347-сі жоғары оқу орындарының студенттері арасында.

Бұл орта кәсіптік ұйымдар студенттерінің жалпы санының 0,2% -ын және жоғары оқу орындарындағы студенттер санының 0,08% -ын құрайды, - деді министр.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: