Теңге түріндегі депозиттің сыйақы мөлшерлемесі өзгеріссіз қалды

5 Қараша 2020, 10:46
Сурет: zakon.kz

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңге депозиттері бойынша 2020 жылдың желтоқсан айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлеменің мәнін бекіту аясында 26 қазанда оны өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде депозиттер бойынша мөлшерлемелердің көпшілігі өзгертілген жоқ.

"Қор ұсынатын максималды сыйақы мөлшерлемелері 24 айлық мерзімді депозиттердің толықтыруға болатын түрі бойынша – 9,1 пайызды, ал толықтыруға болмайтын түрі бойынша – 9,4 пайызды құрады. Депозиттердің осы түрі салымшылар арасында онша танымал емес. Оның үстіне басқа мерзімдерге арналған мерзімді салымдармен салыстырғанда айырмашылығы аз. Банктер осы себептен оларға қатысты пайыздарды біртіндеп төмендетуде", делінген хабарламада.

Мұндайда депозиттердің осы түрі бойынша салымшыларға ақша алуға қатысты айтарлықтай шектеу қойылмайды. Сондықтан банктер бұл депозиттер бойынша мерзімділігі үшін сыйақы есептемейді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?