"Біз ерлі-зайыпты емеспіз". Белгілі қазақ режиссері ажырасқанын мойындады

5 Қараша 2020, 14:38
Сурет: Instagram

Белгілі қазақстандық режиссер, "Қазақфильм" киностудиясының президенті Ақан Сатаев әйелімен ажырасқан. Олардың бес баласы бар, ал үлкен қызы, тіпті тұрмысқа шығып үлгеріпті, деп хабарлайды zakon.kz.

Режиссер өзінің бойдақ екенін Instagram парақшасында жариялады. Ол бұл мәселеге ешкімнің араласпауын сұрайды.

- Бір-бірімізге өткен өмірді сүрген жылдар үшін, бастан өткен барлық қиындықтар мен бақытты сәттер үшін, бес керемет баламыздың бары үшін, отбасы құрып, бір-бірімізді қажет кезде қолдап, сүйіспеншілікке бөлеп, өмірден алған ортақ көптеген құнды сабақтар үшін ризашылық білдіре отырып, достық қарым-қатынаста ажырап, екіге кеттік. Енді біз ерлі-зайыпты емеспіз, бірақ балаларымыздың сүйікті ата-аналары болып қала береміз, - деп жазды Ақан Сатаев.

Олардың ортақ бес баласы бар.

- Біз Назирамен жақын дос болып қала береміз және Құдай сыйлаған өміріміздің қалған бөлігінде бір-бірімізге амандық, сәттілік тілейміз, деп аяқтапты өз жазбасын Ақан Сатаев.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?