Жаңалықтар тізбегі
0

Ерлі-зайыпты кәсіпкерлерді өлтірді деп айыпталған күдіктінің соты дауға ұласты

publicdomainpictures.net, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2019 16:52 publicdomainpictures.net
Марқұмдардың ұлы тергеу ісінде шикілік көп деп отыр.

Шымкентте ерлі-зайыпты кәсіпкерлерді өлтірді деп айыпталған азаматтың соты бастала салып, дауға айналды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Ақпан айының басында 63 жастағы Әбутәліп Толыбаев пен жұбайын өз үйлерінде қаскөй пышақтап, атып кеткен. Марқұмдардың ұлы қылмысқа сотталушыдан өзгелердің де қатысы болғанына сенімді. Осыған байланысты қосымша сараптама тағайындауды соттан сұрады. Алайда, әрі жәбірленуші, әрі полиция подполковнигінің сөзі бүгін де қанағаттандырусыз қалды.

Жұртты шулатқан оқиғаға қатысты іс екі ай тергеліп, бүгін алғашқы сот отырысы өтті. Кінәсін толық мойындаған сотталушы бар, айғақ заттар да табылған. Тіпті, істі жеке бақылауына алған қала прокуроры айыптау актісінде марқұмдардың қолында бұрын жүргізуші болып істеген 27 жастағы Ерсұлтан Құлахметовтің зейнеткерлерді не үшін өлтіргенін де айтып берді.

- Үй иелері Қарауымбетова сен үйден 10 мың АҚШ долларын ұрладың деп, Құлахметовті ауызша айыптаған. Осының салдарынан Құлахметов жұмыстан шығып кетіп, кек сақтап қарақшылық яғни қаруды қолдану арқылы шабуыл жасау ой-пиғылы пайда болған.

Тергеу мәліметі бойынша, қылмыскер жалғыз өзі болған. Алайда, марқұмдардың ұлы Серік Толыбаев бұған сенбейді. Өзі полицияда қызмет атқаратын оның сөзінше, тергеуші іс материалдарымен таныстырмаған, айыптау актісін де бермеген. Қайта тергеуге жіберуін өтінгенімен, судья бұған негіз жоқ екенін айтып, өтінішін қанағаттандырусыз қалдырды.

- Күдікті мына жерден секіріп түссе, арғы іздер қылмыстық іске тіркелмей жатыр. Сараптамаға алмай жатыр. Алынған саусақ іздерін тіркемей жатыр.

Ата-анасы өлтірілген күннен бері қақпадан бастап, үй ішіндегі қылмыс іздерін түрткізбедім деген полиция подполковнигі ары қарай үй ішінде әкесін қалай атқанын арнайы манекенде көрсетті. Атылған оқ іздері мен күдіктінің келтірген дәйегі мүлдем басқа екен. Күдіктінің зейнеткер әйелге жұмсаған соққылары да қисынға келмейді дейді.

- Яғни, қызылмен тиген жерлердің барлығына пышақ тиген. Көкпен боялған жерлер ол денедегі сынған жер. Ол күдіктінің пышақпен осындай дене жарақатын салу мүмкін емес.

Құрылыс компаниясын басқарған 63 жастағы Әбутәліп Толыбаев пен 61 жастағы жұбайын өлтіріп жатқан кезде үйде 14 жасар туыс қыз да болыпты. Ол қылмыскердің жалғыз болмағанын айтқан. Алайда, бұл да назарға алынбады дейді марқұмдардың ұлы.

Серік Толыбаев, марқұмдардың ұлы:

- 3-ші айға созуға уақыт жоқ, сотқа жібереміз деді. Бас прокуратураға жазам десем, БҰҰ-на жазсаң өз еркің деп отыр.

Серік Толыбаевтың айтуынша, қылмыс орнында анасының алтын сырғалары мен сақиналары да жоғалыпты. Көрсеткіш үшін қылмысты ашпақ түгілі қорқаулыққа барды деген ол әріптестеріне өкпелі. Істің қайта тергеуге қайтарылмайтынына және полиция мен прокурорға сенуден қалған полиция подполковнигі енді өз тергеуін жүргізіп көрмек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: