Жамбыл облысында театрлар мен мешіт жұмысына рұқсат етілді

5 Қараша 2020, 15:39
Сурет: inform.kz

Жамбыл облысында карантин шаралары жеңілдетіліп, театрлар мен мешіттердің жұмысына рұқсат етілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен қатар екінші тоқсаннан бастап, қалалық және ауылдық аймақтағы контингенті 300 оқушыға дейінгі мектептер дәстүрлі оқу форматына көшіріледі. Алайда сыныптардағы балалардың саны 15-тен асырылмайды. Жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныптар, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші кластарда оқытуға рұқсат етілді.

Сондай-ақ, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық, маскалық, әлеуметтік қашықтық режимін сақтай отырып театрлар мен мешіттердің жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Бұл туралы Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Салтанат Алибаеваның 2020 жылғы 5 қарашадағы № 40 "Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысында жазылған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?