Мәжіліс сайлауына алты саяси партия қатысады

5 Қараша 2020, 16:25
Сурет: liter.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің мандаттары үшін сайлауға 6 саяси партия түседі. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Сайлау туралы" конституциялық заңының 12-бабы 2-1-тармақшасына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы саяси партияларды партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын және мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысуға жіберу туралы мәселені қарайды. "Сайлау туралы" конституциялық заңының 87-бабы 1-тармағына және 103-бабының 1-тармағына сәйкес партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына және мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға тиесілі", - деді ол Орталық сайлау комиссиясы отырысында.

Оның айтуынша, Әділет министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, ҚР-да 6 саяси партия тіркеліп, жұмыс істеуде. Бүгінгі күні барлық саяси партиялар заңнама аясында жұмыс істейді.

Сонымен, партиялық тізімдер бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатысуға жіберу туралы қаулыға сәйкес, "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Бірлік" саяси партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік халық партиясы және Nur Otan партиясы сайлауға қатысады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?