"Бірлік" партиясы енді "Адал" деп аталады

5 Қараша 2020, 16:40
Сурет: Vlast.kz

"Бірлік" саяси партиясы өз атауын өзгертті. Енді ол "Адал" деп аталады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін, 5 қарашада Нұр-Сұлтанда "Бірлік" партиясының саяси кеңесінің отырысы өтті. Онда партияның ребрендингі мен атауын өзгерту туралы шешім қабылданды.

- Ребрендинг демекші, біз партия атауын өзгерту бойынша зерттеу жүргіздік. Зерттеуді кәсіпқой әлеуметтанушылар жүргізді, олар атаудың 10-ға жуық жаңа нұсқаларын зерттеді. Талдау нәтижелері бойынша, Адал атауы үлкен айырмашылықпен қолдауға ие болды. Сарапшы-әлеуметтанушылар мұны халықтың жаңашылдықты, әділеттілікті талап етуімен түсіндіреді. Сонымен қатар, адамдар әділеттілік сөзінде көп нәрсені сиғызады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестен бастап, шешім қабылдаудың ашықтығына дейін, - деді партия төрағасы Серік Сұлтанғали.

Саяси кеңес мүшелері партия атауын өзгерту туралы ұсынысты бірауыздан қолдады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?