Назарбаев зияткерлік мектебі дербес білім беру ұйымына беріледі

elorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 17:06 elorda.info
Қоғамдық кеңес мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, шешім қабылдады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» коммуналдық меншіктен дербес білім беру ұйымына беру көзделіп отыр. Бұл туралы ҚР Үкіметінің қаулысының жобасында көзделген, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Астана қаласының коммуналдық меншігінде Астана қаласының активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының теңгерімінде Түркістан көшесі, 2/1 мекен-жайында орналасқан 1200 орындық мектеп бар. Ғимараттың жалпы алаңы 13 729 шаршы метр. Қазіргі уақытта жасалған шаттық қатынастарға сәйкес аталған мектеп «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» басқаруында. ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектебінен» келіп түскен өтініштерге байланысты Астана қаласының әкімшілігімен қабылданған шешіміне сәйкес, Үкімет қаулысын әзірлеп отырмыз», - деді қоғамдық кеңесінің отырысында Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ерсін Өтебаев.

Оның айтуынша, Үкіметтің регламенті бойынша аталған мектепті Назарбаев Зияткерлік мектебінің теңгеріміне беру үшін қаулының әрі қарай жүзеге асыру үшін қоғамдық кеңестің келісімі қажет. Қоғамдық кеңес мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, шешім қабылдады.

Айта кетейік, коммуналдық меншіктен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының меншігіне берілетін мүліктің тізбесінде 3,5443 гектар жер учаскесімен Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Түркістан көшесі, 2/1 орналасқан жалпы ауданы 13 729, 1 шаршы метр 1200 орындық мектеп ғимараты, оның ішінде оның жұмыс істеуіне арналған жабдық, техника, жиһаз т.б бар.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: