Түрмеден төрт күн бұрын шығып, ұрлықпен қайта ұсталды

5 Қараша 2020, 17:09
Сурет: видеодан кадр

Алматыда төрт күн бұрын түрмеден шыққан ер адам көлік ұрлап, тағы да қолға түсті. Өзгенің темір тұлпарын иемденген ол басқа машинаның мемлекеттік нөмірін қолды қылып, ізін суытпақ болған, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының тумасы бұрын осындай әрекеттері үшін бірнеше рет сотталған болып шықты. Жауап алу барысында ол машинаны Жамбыл облысына қосалқы бөлшектер ретінде сату үшін ұрлағанын мойындады. Ал көлікті бұрағышпен жүргізіпті. Оның Алматы қаласында тағы да осындай екі қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Жәбірленушілер қырағылық танытқан тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігіне ризашылықтарын білдірді.

Ұрланған көліктің иесі:

Кеше түнде машинам угон болған. Үйден түнгі бірдің шамасында көргем машинамның жоқ екенін. Сол кезде сразу 102-ге хабарлап, Алатауский районның қызметкерлері келді. Таңертеңгісін міне осындай жерден тауып алды машинамды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?