Алматыда аккумулятор ұрлаған азамат ұсталды
Фото: polisia.kz
Алматы облысының бұрын сотталған тұрғыны бірнеше аккумулятор ұрлағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біздің бөлімшенің криминалдық полиция қызметкерлері Ж.есімді азаматты ұстады. ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігіне сәйкес, арнайы есепке алу тізіміне тіркелген тергеудің осы кезеңінде күдікті бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша төрт дерекке қатысы бар екені анықталды"Алматыдағы Наурызбай ауданы полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев
Күдіктінің өзі де бөтен көліктердің аккумуляторын ұрлағанын мойындады. Ол бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотталған.
Қазіргі уақытта полиция күдікті аккумуляторларды қайда сатқанын және ұсталған азаматтың басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript