Зейнеткер әйел, ұлы және немересі: Таразда үй өртеніп, үш адам көз жұмды

6 Қараша 2020, 10:12
Сурет: Almaty.tv

Жамбыл облысының Тараз қаласында өрт салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

- 1936, 1960 және 1982 жылғы азаматтар өрт салдарынан опат болды, - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Алдын ала мәліметтер бойынша, егде жастағы әйел мен оның ұлы өрт кезінде жанған өнімдердің иісіне уланып мерт болған, ал жазғы ас үйде болған әжейдің немересі өрт сөндіру қызметі келгенге дейін туыстарын қызыл жалыннан құтқаруға тырысып, ол да уланып, өрт ішінде қалып кеткен.

Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне суыт хабар сағат 03: 26-да келіп түскен. Өртті сөндіруге 21 адам мен 5 техника жұмылдырылды. Өрт 4 сағат 24 минутта толықтай ауыздықталды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?