Жамбыл облысында таудағы өрт аумағы бір жарым есеге ұлғайды
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметініңі 4 тамыз күні мәлімдеуінше, Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде "Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ (Аспара-Меркі орман шаруашылығы, 3-4 ормадары) аумағындағы таулы аймақта құрғақ шөп өрті сөндіріліп жатыр. Орман шаруашылығының ақпараты бойынша өрттің алдын ала аумағы 300 гектар болған.
"Күрделі рельеф, жетуі қиын жер мен қатты жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда.ТЖМ тікұшағымен аэровизуалды тексеру жүргізіліп жытыр", – делінген өңірлік ТЖД таратқан хабарламада.
Ведомство өкілдері елді мекендерге қауіп төніп тұрмағанын және зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.
Сөндіру жұмыстары басталғалы "Қазорманавиакүзетінің" авиациясы өрт ошақтарына әуеден 13 рет шамамен 19,5 тонна су төкті. Өртті сөндіруге "Қазорманавиакүзетінің", жергілікті атқарушы органдардың және Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдарынан 270 адам, 36 бірлік техника, авиация жұмылдырылды.