Бурабайда найзағайдан бірнеше өрт шықты

өрт сөндірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2022 09:00 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Өртті ауыздықтауға 39 адам мен сегіз техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 мамырда «Бурабай» ұлттық саябағының аумағында найзағайдың салдарынан Ақылбай, Бармашинский, Золотоборский және Мирный орман шаруашылықтарының аумағында бірнеше өрт шықты.

Өрт «Smart National Park Burabay» жүйесінің жедел басқару орталығының көмегімен анықталды.

«Бурабай» МҰТП мемлекеттік инспекторлары өрттерді тез арада анықтады.

Сөндіру кезінде жеті өрт сөндіру көлігі мен орман шаруашылығының жеке құрамынан 35 адам, сонымен қатар No20 өрт сөндіру бекетінен бір өрт сөндіру көлігі мен төрт адам жұмылдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: