Алматыда троллейбустар тоқтап, қалада ірі кептеліс орын алды

6 Қараша 2020, 11:49
Сурет: wikipedia.org

Жұма күні көптеген алматылықтар жұмысқа кешігіп жетті. Өйткені Сейфуулин даңғылында болған апат салдарынан қаланың төменгі бөлігінен және қала маңынан жұмысқа қатынайтындар үлкен кедергіге тап болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сейфуллин көшесінде Райымбек даңғылынан Үлкен Алматы каналына дейін электр кернеуі ажырап қалған. Осыған байланысты 6 қарашада оңтүстік бағыттағы қозғалыс тоқтап қалды. Cол себепті Рысқұлов көшесінен төмен қарай бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды.

– Троллейбустар қысқыштан шығып кеткендіктен, желі кернеусіз қалған. Қазір бәрі қалпына келтіріліп жатыр, - дейді мекеме өкілдері.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?