Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда көшелерді жауып тастағандықтан кептеліс орын алды

almaty.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2018 15:26 almaty.gov.kz
Қалада балаларды қорғау күнін атап өтуге дайындық жүріп жатыр.

Еске саламыз, балалар мерекесіне орай дайындық жүргізу және мерекені атап өту мақсатында 31 мамыр мен 1 маусым аралығында таңғы 8:00-ден 13:00-ге дейін қалада бірқатар көше жабық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, мына көшелер жабылады:

- Панфилов (Гоголь көшесі, Әйтеке би мен Қазыбек би қиылысы);

- Төле би (Панфилов пен Абылай хан аралығы);

1 маусымда сағат 11.00-де С.Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында «Әдебиет пен театр клубының» мүшелері өлең оқиды, балалар мен үлкендердің шахмат турнирі өтеді, ересектер үшін «Флешдэнс» би балы, қышпен жұмыс істеушілер үшін «Жас қышшы» шеберлік сыныбы, ғылыми эксперимент әуесқойлары үшін квестер, «крио-шоу» ұйымдастырылады.

2 маусымда «Шымбұлақ» ТШК-да Family day болады. Сағат 11.00-ден 12.30-ға дейін тау шаңғысы курортындағы батуттар, скалодром, квадрацикл мен понимен сырғанау, арқан паркі, теннис тегін болады. Кішкентай келушілер түрлі ойындарға, сурет салу мен түрлі заттар жасау бойынша шеберлік сыныптарына және «KidsLab» балалар клубының конкурсына қатысып, үйдегідей аквагрим, мехенди сынды түрі тәттілерді жасап-үйренеді, оларды тегін жейді және басқа да қызықтарды тамашалайды. Бұл күні барлық ата-аналар фитнес түрлерімен, йогамен, бимен, шеберлік сыныптарымен айналысып, Hand-Made жәрмеңкесіне қатысып, танымал диджей мен лайв-бэнді көре алады. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін арнайы тәттілер, сыйлықтар мен балмұздақтар дайындалады.

2 маусымда сағат 11.00 ден 23.00-ге дейін ҚБТУ-дан төмен (Абылай хан – Қазыбек би – Панфилов – Әйтеке көшелерінің маңы) «Тәтті Алматы» тағаим жасаудың отбасылық фестивалі өтеді, мұнда мегаполистің танымал мейрамханалары алматылықтар мен қала қонақтарына тәтті тағамдар ұсынады. Биылғы маусымда фестиваль «Visit Almaty» жарнама компаниясының «Өз қалаңды жақсы біл!» бастамасы аясында өтеді. Жазғы фестивалға 30-дан астам тамынал қалалық гастрономиялық жобалар қатысады, күні бойы паркте балалар мен үлкендер үшін түрі қойылымдар көрсетіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: