Алматыда 8 наурыз қарсаңында гүл сатуға арналған 1150 сауда орны белгіленді

Букеты, цветы, подарочные букеты, флористика, флористы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2026 09:26 Фото: Zakon.kz
Алматыда Халықаралық әйелдер күнін атап өтуге дайындық аясында гүл сатуға арналған арнайы сауда орындары белгіленді. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері хабарлады.

2004 жылы 12 сәуірдегі №544-II "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және аудан әкімдіктерінің ұсыныстары ескеріле отырып, қала бойынша гүл өнімдерін сатуға арналған 1150 сауда орны анықталды.

Гүл саудасы 6-8 наурыз аралығында қала аумағындағы арнайы бөлінген алаңдарда ұйымдастырылады.

Сауда орнын алу үшін кәсіпкерлер жоспарланған сауда орны орналасқан аудан әкімдігіне өтінішпен жүгінуі қажет. Бос орын болған жағдайда кәсіпкерге гүл сатуға рұқсат беретін құжат — меморандум рәсімделеді.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, арнайы белгіленген орындардан тыс жерде өз бетінше сауда жасауға болмайды. Осыған байланысты кәсіпкерлерден белгіленген талаптарды сақтап, сауданы тек ресми айқындалған сауда орындарында жүргізу сұралады.

Алматы қаласы аудан әкімдіктерінің байланыс деректері:

  • Алатау ауданы: Жанқожа батыр көшесі, 26, тел.: +7 (727) 299-84-23
  • Алмалы ауданы: Төле би көшесі, 67, тел.: +7 (727) 313-31-02
  • Әуезов ауданы: 8-шағынаудан, 4Б үй (Абай БО), тел.: +7 (727) 338-46-05
  • Бостандық ауданы: Айманов көшесі, 191, тел.: +7 (727) 274-83-08
  • Жетісу ауданы: Құлагер шағынауданы, Серіков көшесі, 2А, тел.: +7 (727) 384-27-60
  • Медеу ауданы: Пушкин көшесі, 72, тел.: +7 (727) 291-60-72
  • Наурызбай ауданы: Шұғыла шағынауданы, 347, тел.: +7 (727) 308-70-20
  • Түрксіб ауданы: Шолохов көшесі, 9, тел.: +7 (727) 221-21-78
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: