Жаңалықтар тізбегі
0

Той жыры: жарты сағатта жазылған әнге жарты ғасыр толды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2020 18:11 видеодан кадр
Жас жұбайлардың әнұранына айналған той жырына – 50 жыл!

Жарты ғасырлық тарихы бар туынды әр тойдың төрінде шырқалып, шаңырақ көтерген жұптардың қуанышына куә болып келеді. Ал ғасыр хитіне айналған ән небәрі жиырма минутта жазылған болатын, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Той үстінде тәтті күнде жүргенімізге елу жыл. Алайда жарты ғасырдан бері жас жұбайлардың әнұранына айналған әйгілі "той жыры" жайлы не білеміз? Қазақ политехнологиялық институтының студенттерінен құралған атақты "Дос-Мұқасан" төрттігінің ішінен қолына құсын қондырғандардың алғашқысы Мұрат Құсайынов еді. Әннің тарихы да осы кезден басталыпты.

Мұрат Құсайынов, "Дос-Мұқасан" ансамблінің солисі:

Олар бірақ бізге айтқан жоқ қандай сыйлық беретіндерін. Ол кезде енді студентпіз ғой. Жаңадан институт бітірдік. Диплом алдық, бірақ ақша жоқ. сондықтан Мұратқа бі ән сыйлайық деп өздері ұйғарған екен. оны біз білмейміз. Біз отырмыз тойда, бір уақытта Досым мен Мейірбек ал енді Мұрат, Сәбира сендерге арнап біз ән арнадық.

Сәбира Құсайынова, Мұрат Құсайыновтың әйелі:

Досым Сүлеев өзі айтты: Егер Мұрат екеуің үйленбегенде бұл той жыры мүмкін басқаша болып шығатын бе еді. Мүмкін шықпайтын еді.

Жарты ғасырлық тарихы бар туынды небәрі жиырма-ақ минутта жазылған екен. Дегенмен жүректен шыққан ән, жүрекке дейін жетті.

Мұрат Құсайынов, "Дос-Мұқасан" ансамблінің солисі:

Бізге Дос-Мұқасанға қазақ радиосына қап-қап хаттар келе бастады. Тек қана Қазақстанның аймақтарынан емес, басқа жақтан ол Дос-Мұқасан деген не деген керемет ән оны кім жазды. Сөйтіп "Той жыры" хит әнге айналды.

Сөйтіп, елу жылдан бері міндетті түрде әр тойдың төрінен табылып жүр. Мәселен, Есболат ата мен Үміт апаның отау құрғандарына да биыл 50 жыл екен. Ата-әжеміз әйгілі той жырымен үйленген мыңдаған жас жұбайдың алды десек, қателеспейміз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: