Салафизмнен кете салу мүмкін емес. Тазабековтікі "амал жасау"

6 Қараша 2020, 15:09
Сурет: facebook.com

Мұхамеджан Тазабековтің бір күнде аунап түсіп, салафизмді қойдым, дәстүрлі дінге бет бұрдым деген сөзіне біреу сенді ма? Өз басым сенбеймін, дейді желіде Мұхтар Түменбай.

Неге?

1. Салаф-иттер секілді реакциондық ұйымның өз адепттерін оңайшылықпен өз уысынан шығара қоюы екіталай. Кеттім дегенге бара ғой деп көне қоятын олар емес. Ал Тазабеков сияқты сөзсіз талантты ораторды, идеолог әрі насихаттаушыны жәйбірақат жібере салуы тіпті мүмкін емес. Кадрларды бұлай жайына қоя беретін болса бұл ұйым халықаралық деңгейде күш алмас еді.

2. М.Тазабек басшы болғалы салаф-иттердің жеке меншік рупорына айналған "Асыл арна" телеканалы жабылған соң бұл ұйым өз идеологиясы мен өз адамдарын насихаттайтын жаңа ақпарат көздерін іздеуге көшті. Ұлттық арнадан Тазабеков жүргізетін "Тәлім" бағдарламасының шығуы соның айғағы.

3. Тазабековтың Дін басқармасы мүшелерінің алдында жаздым, жаңылдым, адасып сорладым, енді өйтпеймін деп көлгірсуінің де өз мақсаты бар. "Асыл арнаның" орнына ашылған жаңа діни "Халық арнасы" осы Қазақстанның діни басқармасына қарайтын болды. Оған салафтар қалай шыдап отырсын. Қалайда бұл іске араласып, өз адамдарын тықпалау керек. Сонымен шектелсе ештеңе емес қой. Тазабековтың бұл қадамынан мен тағы бір қауіп көріп тұрмын.

4. Мұның ар жағында салафтардың бұлбұлы дәстүрлі дінді насихаттаушылардың арасына еніп, бұл ұйымды да іштен ірітіп, божыратпасына кім кепіл?

5. Және соңғысы. Салафизді насихаттаушыны Парламентке өткізуге қоғам дайын емес. Ал егер Тазабеков өзін дәстүрлі дін ұстанушы ретінде көрсетсе неге өтпеске? Сондықтан, жақын арада бұл сабазымыз саяси партиялардың бірінен үміткер ретінде көріне қалса таң қалмаңыздар.

Салаф-иттер тәрізді реакционистік, жартылай астыртын ұйымдарда "Амал жасау" деген ұғым бар. Ол не мағынаны білдіреді? Ұйымның кез келген мүшесі жамағатының алдына шығып, "Мен бүгіннен бастап бізге қас әрі жат ортаға енемін. Солардан ерекшеленбеу үшін амал жасап, сақалымды қырамын, дәстүрлі киім киемін. Бірақ өз жамағатыма берік боламын. Біздің құндылықтарымызды сол жақта насихаттап, дәріптеймін" деп ант береді. Тазабековтың де бүгінгі кейпі сол "амал жасау" болып жүрмесін, дейді пост авторы.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?