Назарбаев АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джозеф Байденді құттықтады

8 Қараша 2020, 11:53
Сурет: Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденді Америка Құрама Штаттарының Президенті болып сайлануымен шын жүректен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Елбасы 2010 жылы Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік саммиті кезіндегі кездесуді және телефон арқылы сөйлескен кездерін еске түсіретінін тілге тиек етті, деп хабарлайды Елбасы сайты.

Назарбаев Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік екі мемлекет халықтарының игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Жарма тілек соңында Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденге мемлекеттік қызметте сәттілік тіледі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?