Түркістан облысында көліктен 2 миллион теңге ұрланды

9 Қараша 2020, 11:37
Сурет: ТО ПД баспасөз қызметі

Келес АПБ кезекші бөліміне аудан тұрғыны гаражында тұрған автокөлігінің ішіндегі 2 миллион теңгесінің жоқтығын көріп бірден полиция бөліміне арызданған, деп хабарлайды zakon.kz ТО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-ға тіркеп, бірден күдіктіні іздеуге кірісті. Қылмысты ашу мақсатында аудандық полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Келес АПБ қызметкерлері күдіктіні ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ұсталған азамат жәбірленушінің ауылдасы болып шықты. Тергеу барысында жігіттің бұдан бұрын басқа да жайттарға қатысы бар екендігі анықталды. Күдікті өз кінәсін мойындап, ұрлаған ақшаны өз қажеттілігіне жұмасған. Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта.

Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне көліктерін қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сондай-ақ, автокөліктердің есіктері мен терезелерін ұзақ уақыт ашық тастамаңыз. Азаматтарға бағалы заттарыңызға сақ болыңыздар, кез келген жерге қараусыз қалдырмаңыздар деп кеңес береді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?