Қарағанды облысының карантинге жабылуы туралы сыбысқа қатысты әкім түсінік берді

liter.kz liter.kz
Бүгінгі күні Қарағанды ​​облысында КВИ-мен аурушылар саны тәулігіне 15-20 адамнан аспайды.

Қарағанды ​​облысының әкімі Жеңіс Қасымбек 9 қарашадан бастап өңірде шектеу шараларының күшейтілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

"9 қарашадан бастап бірқатар ірі қалаларды жабу, ПТР-анықтамасын міндетті түрде көрсетіп өтетін блок-бекеттер орналастыруды қарастыратын қосымша шаралар енгізіліп жатыр" деген хабарламаларды оқыдым. Мен барлық облыс тұрғындары мен қонақтарына мұның жалған, мүлдем сенімсіз ақпарат екенін айтқым келеді. 9 қарашадан немесе осы аптаның басқа күнінде бізде карантин шаралары күшейтілейін деп жатқан жоқ. Сондықтан, мен облыста енгізілген шаралар қазіргі эпидемиологиялық жағдайға сай екенін тағы да айтқым келеді", - деді аймақ басшысы онлайн-брифинг барысында.

Әкім Қарағанды облысына кіру немесе шығу үшін ПТР-анықтамасының қажеті жоқ екенін баса айтты.

Бүгінгі күні Қарағанды ​​облысында КВИ-мен аурушылар саны тәулігіне 15-20 адамнан аспайды. Инфекцияның орташа таралу деңгейі 1,11% құрайды. Ауруханалардағы төсек орындардың қамтылу деңгейі де 4% -дан аспайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз