Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР СІМ шетелде коронавирус жұқтырған судья туралы сыбысқа қатысты түсінік берді

cdn.iz.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2020 23:55 cdn.iz.ru
Министрлік ол кісінің Нұр-Сұлтан қаласының судьясы ма, жоқ па, ол жағына тоқталмады.

Сыртқы істер министрлігі Германияда жұмыс істейтін қазақстандық дипломаттың әкесінен коронавирус белгілері анықталғанын айтты. Министрлік ол кісінің Нұр-Сұлтан қаласының судьясы ма, жоқ па, ол жағына тоқталмады, деп хабарлайды zakon.kz.

Біздің Германиядағы қазақстандық дипломаттардың бірінің ата-анасы қонаққа келгенін растаймыз. Олар Еуропада болған. Бірнеше күннен кейін дипломаттың әкесінен коронавирустық инфекцияның белгілері анықталып, ауруханаға түсті. Бүгінгі таңда оның жағдайы жақсарып, жеке палатадан жалпы палатаға ауыстырылды. Әйелі мен ұлы неміс дәрігерлерінің бақылауында карантинге жатқызылды, - деді СІМ өкілі Айбек Смадияров.

Бүгін арнайы брифингте Денсаулық сақтау министрі Берлинде коронавирус жұқтыруы мүмкін Нұр-Сұлтан судьясы туралы ақпаратты растамады.

Менде әлі ондай ақпарат жоқ, мен оны растай алмаймын, - деді ол.


Министр Германияда коронавирус жұқтырған қазақстандық бар екенін атап өтті.

Сыртқы істер министрлігіне алдын-ала ақпарат бойынша, бізге Германияда жүрген Қазақстан азаматы коронавируспен ауырып қалды деген ақпарат келіп түсті. Осыған байланысты онымен байланыста болған 12 адам карантинге жатқызылды, - деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: