Қазақстанда жоғары білімді тегін ете салу туралы айтыла бастады

holanews.kz holanews.kz
Еуропада жоғары білім Қазақстаннан арзан – Талғат Нәрікбаев

KAZGUU университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаевтың айтуынша, қазақстандық жоғары оқу орындары студентке клиент ретінде қарайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Шын мәнінде, университеттің клиенті студент емес – жұмыс беруші. Өйткені нарықта жұмыс берушіге сапалы білім алып шыққан, бәсекеге қабілетті мамандар қажет.

"Менің ойымша, жоғары білім бизнеске айналмауы керек. Студент жоғары білім үшін ақша төлемеуі тиіс. Университет негізінен халқына, еліне қызмет етуі шарт. Университет ­– коммерциялық емес, әлеумет алдындағы жауапкершілігі бар ұйым. Студенттердің білімі мен тәжірибесін олардың ақшалары есебінен дамыту мүмкін емес. Себебі сапалы білім беруді ұйымдастыруда аз қаражат жұмсалмайды. Сондықтан білім сапасын арттырғымыз келсе, оқытушылардың жалақысын мемлекет тікелей қаржыландыруы керек (Испания, Германия немесе Нидерландыдағыдай), ал университет қаржыландырудың басқа көздерін қарастыруы қажет. Мысалы, КАЗГЮУ жеке ақылы курстарды, біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұсынады, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ Эндаумент қоры бар. Онда біздің түлектеріміз, меценаттар студенттерді оқытуға және университеттің материалдық-техникалық базасын жақсартуға көмектеседі" - деді Талғат Нәрікбаев Қазақстан студенттері Альянсы мүшелерімен болған онлайн кездесуде.

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз