Жартыжылдық қорытынды: ғылым мен жоғары білімді дамыту, ғылыми зерттеу және халықаралық ынтымақтастық
Ведомство оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі бастамаларын қолдай отырып, кадрлық әлеуетті жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Ғылыми зерттеулер саласында экономика мен әлеуметтік саланың инновациялық қозғалысына ықпал ететін қолданбалы ғылыми жобаларды дамытуға көңіл бөлінеді.
Ғылым мен технологияның негізгі салаларында білім мен тәжірибе алмасуға ықпал ететін жетекші халықаралық ғылыми орталықтармен және университеттермен белсенді ынтымақтастық жалғасуда, Жоғары білім сапасын жақсартудағы, ғылыми зерттеулерді ынталандыру және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту нәтижелері Primeminister.kz сайты редакциясының шолуында ұсынылған.
Жоғары білім сапасын және ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына өзгерістер енгізілді.
Ғылыми зерттеулерді дамыту
Елімізде ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындаумен 425 ұйым айналысады, қазақстандық ғылымда 25,5 мың зерттеуші жұмыс істейді.
Ғылымды дамытуға және технологиялық саясатты іске асыруға, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ғылыми жетістіктердің нәтижелерін енгізуге, сондай-ақ ғылыми қызметтің стратегиялық, кәсіптік және әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заң қабылданды.
Ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың жалпы бюрократиялық рәсімінсіз орындау үшін қажетті ҒЗИ мен ЖОО сатып алатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты нормаларды көздейтін "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңға қол қойылды. Сатып алу тәртібі Мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша ҒЖБМ-мен айқындалатын болады.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 18%-ға артты.
Ғылыми атақтарының болғаны үшін ғылыми қызметкерлерге қосымша ақы мөлшері ұлғайтылды.
- Ғылым кандидаты, философия докторы және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессор (доцент) үшін 25 еселенген АЕК (бұрын – 17 АЕК);
- Ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессор (доцент) үшін 42 еселенген АЕК (бұрын – 34 АЕК);
- Ғылым кандидаты, философия докторы, бейіні бойынша доктор және ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар профессор үшін 50 еселенген АЕК (бұрын – 17 АЕК).
Ұлттық Ғылым академиясының институционалдық рөлі нығайып, ҚР ҰҒА бюджеттік қаржыландыру мәселелері шешілді. Қазақстандық ғылымды дамыту саласында стратегиялық маңызды шешімдер қабылдау үшін ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес құрылды. 250 ғылыми ұйым Web of Science, Scopus және ScienceDirect дерекқорларын пайдаланады.
Биыл 1971 ғылыми жоба, 162 ғылыми-техникалық бағдарлама, 137 коммерцияландыру жобасы іске асырылуда. Жас ғалымдар 727 ғылыми жобаны жүзеге асыруда.
Мәселен, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ғалымдары медицинада, электроникада және шыны өндірісінде кеңінен қолданылатын 99,5% тазалығы бар Селен химиялық элементін өндіру әдісін ойлап тапты. Бүгінгі таңда Қазақстан Селенді килограмына 8 доллардан экспорттайды, өндірудің жаңа әдісінің арқасында бұл элементтің құны 15 есе өсуі мүмкін (1 кг үшін $120-160).
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жас ғалымы Ақбота Қуандықова көкөністердің өнімділігін арттыруға көмектесетін препаратты ойлап тапты. Бұл препарат Ұлттық зияткерлік меншік институтының арнайы патентіне ие болды.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен (ҚХР) бірлесіп агрокомпетенциялар зерттеу орталығын ашу туралы келісімге қол қойды. Хаб жұмысында 3 негізгі бағыт – өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі белгіленді.