Нұр-Сұлтан қаласы да "сары аймаққа" енді

coronavirus2020.kz coronavirus2020.kz
Соңғы аптада КВИ-мен науқастанушылардың өсімі 1,2 есе немесе 28% құрады.

Нұр-Сұлтан қаласы коронавируспен ауырғандардың өсу қарқыны бойынша "сары аймаққа" енді. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан "сары аймаққа" кірді. Сондықтан карантиндік шаралар жұмсартылады деп ойламаңыз, себебі аурудың біртіндеп өсуі байқалады. Бүгін біз жақын аймақтарда - Ақмола және Қостанай облысындағы КВИ жұқтырушылардың жоғары екендігін біле отырып, тәуекелге бел бууды жөн көрмедік. Олардың да "сары аймақта" екендігі белгілі. Басқа жақтан әкелінген жағдайлар бар, мәселен бүгіндері "қызыл аймақтағы" Шығыс Қазақстан облысынан. Соңғы аптада науқастанушылардың өсімі 1,2 есе немесе 28% құрады, - деді Пірәлиева 10 қарашада кешкісін өткен брифингте.

Ол аурудың өсімін алдыңғы аймен салыстырды.

Қазан айының басындағы аптада 46 коронавирус инфекциясы тіркелді. Соңғы аптада бұл көрсеткіш 247 жағдайды құрады.

Ақмола облысында карантиндік шаралар күшейтілгенін ескертеміз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз