Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары жаңадан тағайындалды

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2020 18:19 astana.gov.kz
Бұл лауазымды қызметке Нұрлан Солтанбеков келді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Әкімнің бұрынғы орынбасары Алтынбек Қайсағалиевтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл лауазымға жаңа қызметкер тағайындалды. Қаланың онлайн жиынында елорда әкімі Алтай Көлгінов Қайсағалиевке үлескерлік құрылыстың бірқатар мәселелерін шешудегі жемісті жұмысы, су тасқынына қарсы іс-шараларға ал салысқаны, "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" бас жоспарының қағидатына сәйкес, қоғамдық орындар мен аулаларды дамыту және басқа да маңызды міндеттер бойынша атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді.

Президент Әкімшілігінің келісімә бойынша 47 жастағы Нұрлан Солтамбеков әкімнің орынбасары болып тағайындалды.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 20 жылдан асады. Мамандығы - инженер-құрылысшы. Еңбек жолын ағаш ұстасының шебері ретінде бастаған. Осы жылдар ішінде ол әкімдіктің бірқатар басқармаларда түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 5 жыл Астананың Коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді, соңғы жылдары ол Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасын, Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.

"Ол бас маманнан әкімнің орынбасары қызметіне дейін көтеріле отырып, меритократия қағидатына сәйкес жұмыс істеді".

Елорда әкімі оның алдына бірқатар міндеттер қойды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: