Жаңалықтар тізбегі
0

Жаппай төбелес кезінде марқұм Дулат Ағаділдің ұлы көз жұмды

astrakhanfm.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2020 17:32 astrakhanfm.ru
Ол оқиға орнына дәрігерлер жеткенше көз жұмған.

Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес кезінде азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің ұлы қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Елордалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 қарашада сағат 22.56-да 102 шұғыл байланыс желісіне Көктал ықшамауданының Болашақ көшесінде болып жатқан жаппай төбелес туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жастар арасында өзара жанжал болып, оның арты төбелеске ұласқандығын анықтады. Нәтижесінде екі адам жарақат алды. Олардың бірі - 17 жастағы Ж.Ағаділовке пышақ салынған, ол жедел жәрдем келген кезде қайтыс болды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі (кісі өлтіру) және 293, 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.

Ұсталғандар бар. Жанжалдың барлық тараптарын анықтау бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу нәтижелері бойынша төбелескендердің әрқайсысының іс-әрекетіне заңды баға беріледі.

Қоғам белсендісі Дулат Ағаділ осы жылдың ақпан айында тергеу изоляторында қайтыс болды. Ол сотты құрметтемеу, судьяға, сот отырысына қатысушыларға тіл тигізу және тергеу әрекеттерінен жалтару сынды қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталды. Оның өліміне жүрек жеткіліксіздігі себеп болғаны айтылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: