Жезқазғанда төбелес кезінде пышақ жарақатын алған ер адам ауруханада көз жұмды
Сурет: Zakon.kz
Жезқазған қалалық ПБ-ға үйлердің бірінің ауласында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы бірнеше пышақ жарақатын алған 35 жастағы ер адамның үстінен түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жәбірленуші есін жимастан медициналық мекемеде жан тапсырды.
"Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полицейлер күдікті 29 жастағы қала тұрғынын анықтады. Ұсталған азамат бұрын таныс болған жәбірленушімен кафеде сөзге келіп, жанжалдасқанын мойындады. Жанжал көшеде жалғасып, күдікті қарсыласына бірнеше рет пышақ салып, оқиға орнынан қашып кеткен", делінген ведомство хабарламасында.
Қылмыс құралы тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript