Зейнетақы жинағының бір бөлігін шешіп алу кезінде салық бірден ұсталмайтын болды

internationalwealth.info internationalwealth.info
Салықты зейнетақы жинақтарын алған кезде емес, зейнетке шыққаннан кейін ғана төлеу ұсынылады

ҚР Сенаты Салық кодексіне енгізілмек қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін бір уақытта табыс салығын төлемей пайдалануға мүмкіндік беретін түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Зейнетақы жинақтарындағы қаражаттың бір бөлігі мерзімінен бұрын шешіп алынған жағдайда, оның 10% біржолғы салық ретінде ұсталады. Сенаторлар азаматтарға қазіргі кезеңде бұл қиын болады деп санайды. Сондықтан салықты зейнетақы жинақтарын алған кезде емес, зейнетке шыққаннан кейін ғана төлеу ұсынылады. Оның үстіне, бұл бір реттік төлем болмайды. Заң жобасы оны 16 жыл ішінде бөліп төлеу туралы ережені енгізеді, - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев отырыста.

Дегенмен азаматтығын өзгерту туралы шешім қабылдағандар зейнетақы ақшасының бір бөлігін шеші алып, оны пайдаланғаны үшін табыс салығын бірден және толықтай төлеуі керек. Алайда, салық сомасы БЖЗҚ шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдықтарынан ұсталады.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов сенаторлардың бұл бастамасын өзекті және пайдалы деп атап өтті.

- Зейнетақының ақшасын бір реттік шешіп алу жағдайында салықты ұстамау ұсынылады. Яғни, зейнетақы жинақтары алынған кезде төлем көзінен табыс салығы ұсталмайды; салық болашақта төленеді. Осылайша, бір реттік ауыртпалық болмайды, салық әділдігі орнайды. Бұл пәтер сатып алу және емделу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануда салықтық кедергілерді жояды. Сондықтан сенаторлардың бастамасы өзекті, уақтылы және азаматтарға үлкен пайда әкеледі, - деді ол.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан бастап қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік беруді тапсырған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз