Зейнетақы ақшасының бір бөлігін шоттан шешіп алу кезінде неге салық ұсталады
zakon.kz
ҚР Салық кодексінде солай қарастырылған.
Зейнетақы ақшасының бір бөлігін шоттан шешіп алу кезінде неге жеке табыс салығы ұсталатындығына қатысты ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.
"Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, жеке табыс салығы салынатын табыстарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан салық төлеушілердің зейнетақы жинақтарынан төлейтін төлемдері де жатады (Салық кодексінің 326-бабы)", делінген МКК хабарламасында.
Бұл ретте жеке тұлғалар 1 ең төменгі жалақы мөлшеріндегі салықтық шегерімді қолдану арқылы салық салынатын сомасын азайтуға құқылы.
Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтары (ҰОС-на қатысушыларға теңестірілгендер, барлық топтағы мүгедектер, мүгедектердің ата-аналары мен қамқоршылары, жетім балаларды асырауына алған ата-налары) қосымша 882 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде шегерім қолдануға құқылы, бұл 2,3 млн теңгені құрайды (Салық кодексінің 345, 346, 353-баптары).
"Тиісінше, көрсетілген шегерімдерді ескере отырып, тұрғын үй сатып алуға, емделуге және басқа да рұқсат етілген мақсаттарға зейнетақы ақшасынан ішінара алынатын сомаларға 10% мөлшерінде жеке табыс салығы салынады", - дейді комитеттегілер.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript