КВИ-ге шалдығушылардың саны Қазақстан бойынша 1,7 есеге көбейген

Pixabay Pixabay
Оның 45% -ы Шығыс Қазақстан облысына тиесілі.

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны артып келеді, деді Денсаулық министрінің орынбасары, еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Соңғы екі аптада республикамыздың аймақтарында коронавирусқа шалдығушылардың саны артқаны байқалды. Ауру өсімі барлық дерлік аймақтарда байқалады. Алдыңғы аптамен салыстырғанда науқастар саны 1,7 есеге өсті. Республика бойынша науқастардың 45% -ы Шығыс Қазақстан облысына тиесілі, - деді Ерлан Қиясов ОКҚ брифингінде.

Қостанай облысында КВИ-ге шалдығушылардың өсімі байқалады - 4 есе: Батыс Қазақстан облысында 3,2 есе, Павлодар облысында 2,7 есе.

Денсаулық сақтау вице-министрі бұған дейін оқу жылының басынан бері 800-ден астам мектеп оқушылары коронавирус инфекциясын жұқтырғанын, олардың 261-і кезекші сыныптарда оқтынын айтқан болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз