Демалыс күндері еліміздің көп бөлігінде күн 18 градусқа дейін суытады

Кейбір жерлерде қатты жауын-шашын болады.
"Қазгидромет" РМК 14-16 қарашаға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Орталығы Екатеринбургте орналасқан ылғалды циклон Қазақстанның көп бөлігінің ауа райын анықтайды. Жауын-шашын, кей жерлерде қатты, көбінесе қар түрінде жауады, жел күшейеді, солтүстік жартысында бұрқасын болады. Еліміздің батыс аймақтарына циклонның артына суық солтүстік-батыс антициклонның жылжуымен 15 қарашадан бастап жауын-шашынның тоқтауы болжанады. Түнгі уақыттарда еліміздің басым бөлігінде 10-18 градус аязға дейін, Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында 2-13 аязға дейін ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде тұман, оңтүстік жартысында көктайғақ күтіледі, - деп хабарлайды синоптиктер.
Бөлісу
0
Толық оқу