Қазақстанда 10 градусқа дейін аяз күтілуде

pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2021 17:40 pixabay
Елдің батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын.

Қазақстан бойынша 2021 жылдың 9-11 қарашасына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік-Батыс циклонның әсерінен Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінің басым бөлігінде жауын-шашын болады, елдің батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын күтіледі.

Сондай-ақ тұман, көктайғақ, төмен бұрқасын болжанады, кезең соңына қарай ауа температурасының біртіндеп төмендеуі орын алады: түнде Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 0...10 аязға дейін, күндіз 5 аяз – 5 жылуға дейін, оңтүстік-батыста түнде 2-7 жылу аралығында, күндіз 5-10 жылуға дейін, солтүстікте болса 2 аяз – 3 жылуға дейін жетеді.

Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады: күндіз ауа температурасы 5...15 жылуға дейін көтеріледі деп күтілуде.

Республика бойынша жел 15-23 м/с дейін күшейеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: