Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қазақ ғалымдары күріш қауызынан белсенді қоспа шығарды

Ағзаны тазартудың жаңа технологиясы дүниеге келді.

Сурет : zakon.kz15 Қараша 2020, 15:36

Қазақстандық ғалымдардың күшімен елімізде "Bio Life" деген атаумен биологиялық қоспа ретінде тиімділігі жоғары энтеросорбент өндірісі жолға қойылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Энтеросорбент дегеніміз – кәдімгі қолданыстағы белсенді көмір. Әдетте ол ағаштан немесе тас көмірден жасалады. Ал қазақстандық ғалымдар оны кәдімгі күріш қауызынан жасап шығарып отыр. Күріш қауызы – ішіндегі дәнді сыртқы ортаның әсерінен қорғайтын табиғи сорбент екен, әрі күріш қауызының құрылымы ағаш құрылымынан бөлек келеді, ол наноқұрылымды. Соның арқасында әлемде жоқ наносорбент тұңғыш рет Қазақстанда жасалды.

Бұл ғылыми ізденіс пен дайын өнім авторлары – Алматыдағы ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Жалын" ғылыми-өндірістік технологиялық орталығының ғалымдары.

Ішекте еритін желатинді капсула түрінде шығарылатын қазақстандық белсендірілген көмірдің негізгі белсенді заты – карбонизацияланған күріш қауызы екен. Күріш қауызы – күріш өндірісінің қалдығы. Шикізат ретінде қай күріштің қауызы жоғары қасиетке ие екенін талдаған мамандар еліміздің бірнеше өңірінің арасынан Бақанас күрішін таңдапты.

Қатты, түссіз және дәмсіз қара ұнтақты капсуласымен бірге ауыз арқылы ішке қабылдайды. Биологиялық қоспа ретінде қолдануға ұсынылатын "Bio Life" тағамдық, химиялық, есірткілік және алколоидтік улану, диарея, метеоризм, созылмалы гепатит, бауыр циррозы асқазан-ішек жүйелерінің аурулары, семіру, инсульттің, ишемия мен атеросклероздың алдын алуға көмектесетін қасиеттерге ие.

– Біз осы фармацевтикалық энтеросорбенттер өндірісінің технологиялық тізбегін жолға қоюды көптен бері ойлап келген едік. Сосын Ғылым қорының конкурсына өтініш беріп, олар біздің идеямызды қолдап, қаржы бөлген. Жобамыз жүзеге сәтті асып, дайын өнім шықты. Біздің өніміміз сынақтан өткізілді. Қазір шетелдік компаниялар тарапынан да қызығушылықтар бар, – дейді жобаның жетекшісі, химия ғылымдарының докторы, профессор Сестагер Ақназаров.

"Bio Life" энтеросорбенті – ең алдымен адамның иммун жүйесі мен денсаулығын қолдауға бағытталған. Ол адам ағзасынан ауыр, түрлі улы металлдарды сорып алады. Дәрі болмаса да, пандемия жағдайында денсаулыққа сеп болуға көмегін тигізетін пайдалы өнім. Ең басты ерекшелігі – ол Қазақстанда шыққан, әлемде әзірге баламасы жоқ бірегей қоспа. Басқа белсенді көмірлермен салыстырғанда, "Bio Life" сорбенті – наноқұрылымды көміртек. Сонымен қатар, оның құрамында адам ағзасына қажетті кремний диоксиді бар.

– Біздің үлкен ұжымымызда Covid-19 жұқтырудың бір де бір жағдайы болған жоқ, Құдайға шүкір. Өніміміздің қарт адамдар мен балаларға, тіпті жүкті әйелдерге де ешқандай теріс әсері жоқ. Бір қаптамасы – бір емдік курс, шетелдік сорбенттермен салыстырғанда арзан. Өйткені шикізат ретінде пайдаланатын күріш қауызы – қалдық зат. Ал өндіріс көлемі енді тапсырысқа байланысты болады, – деп қосты Сестагер Ақназаров.

Қазақстандық жаңа өнімге Орталық Азиядағы көрші мемлекеттерді айтпағанда, Қытай мен Ресей, Жапония және Испания сияқты елдерден де қызығушылық бар.

– "Bio Life" сорбенті – күріш қауызынан карбонизация және активация әдісімен алынатын биологиялық белсенді қоспа. Шикізаттан дайын өнімге дейін өндіріс алты сатыдан тұрады. Дайын өніміміз мемлекеттік тіркеуге алынған. Бұл – Ғылым қорының қолдауымен 3 жылға жоспарланған жоба болатын. Оған 294 миллион теңге бөлінді. Біз алға қойылған барлық міндеттерімізге қол жеткізіп, дайын өнімді шығарып отырмыз, – дейді Энтеросорбент зертханасының меңгерушісі Қалампыр Бексейітова.

Айтпақшы, "Жалын" ғылыми-өндірістік технологиялық орталығы ғалымдарының күріш қауызынан шығаратын жалғыз өнімі бұл емес. Орталықта қазір гемодиализді қан тазалайтын сорбенттер әзірленуде. Ал "Bio Life" сорбентіне қазақстандық және халықаралық патенттер алынып қойыпты.

– Қазір адамзат алдында тұрған үлкен проблемалардың бірі – экология, дейді биология ғылымдарының докторы, профессор, биофизика және биомедицина саласының маманы Сұлтан Төлеуханов. – Біз өзімізді қоршаған ортадан өмірімізге, тіршілігіміз үшін негэнтропия деген терминге сай келетін затты аламыз. Бұл – басқа көзі жоқ бос қуат. Мысалы, ауыр металлдар, химиялық заттар, судағы, топырақ пен жердегі, ауадағы улы заттар мен дәрілер. Соның салдарынан соңғы уақытта көп кеселдер болып жатыр, адамдардың иммунитеті төмендеп, ауыратын кісілер көбейді. Оның бәріне сол негэнтропия сапасының түсуі себеп. Ең алдымен адамның бауыр мен бүйрек жүйелеріне ауыр салмақ түседі. Ондай аурулар гемосорбция, гемодиализ деген тәсілдермен емделеді. Біздің ғылыми орталығымыз грант алып, төрт жыл бойы осы тәсілдер үшін де күріш қауызынан жасалған сорбенттер технологиясын зерттеп, енді енгізуге дайын отырмыз, - деді Сұлтан Төлеуханов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер