Қарағанды облысында 6 жасар қызды иттер талап тастады

The Sumter Item The Sumter Item
Қыз бала есік алдында ата-анасының қарауынсыз жүрген.

15 қараша күні сағат 17.00 шамасында Сәтбаев қаласының полиция бөліміне жедел жәрдем дәрігерлерінен қаланың саяжай қауымдастығының бірінде жануарлардың тісінің ізі бар 6 жасар қыз баланың өлімін тіркегені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Тергеу-жедел тобы бірден оқиға орнына жетті.

Тәртіп сақшылары жәбірленуші қыздың ата-анасымен саяжай қауымдастығына қарасты үйлердің бірінде тұрғанын анықтады. Ересектердің қарауынсыз болған қыз иттердің қоршауында қалған.

- Қайғылы факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Мән-жайлар тексеріліп жатыр. Полиция ата-ананы жауапкершілікке тарту мәселесін шешуде. Иттерді аулау бойынша тиісті ветеринариялық қызметтерге бұйрық жіберілді, деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз