Тоқаев көктемдегідей жаппай карантиннің болатын-болмайтындығына қатысты пікір білдірді

24.kz 24.kz
Бүгінде бүкіл әлем "ковид теңдеуі" деп аталатын күрделі мәселені шешудің алдында тұр.

Пандемияның екінші толқыны көптеген белгілері бойынша өзгеше болмақ және ел экономикасы үшін күрделі кезеңде өтпек. Бұл туралы ҚР Президенті коронавирус инфекциясының таралуына қарсы шаралар жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Біз мұны ескеруіміз керек. Бүгінде бүкіл әлем "ковид теңдеуі" деп аталатын күрделі мәселені шешудің алдында тұр. Мұндай жағдайда тұтас бір саланың жойылып кетуі ғана емес, оның кейін білінетін салдары да оңай тимейді. Жұмыссыздық өршіп, білім беру ісіндегі олқылықтардың кесірі түрлі теріс пиғылдардың асқынуына, оның ішінде, қылмыстың өршуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан қазіргі міндет – көктемдегідей жаппай карантинге жеткізбей, пандемияны ауыздықтау", – деді Мемлекет басшысы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз