Жаңалықтар тізбегі
0

Депутаттар "қос билікке" қатысты пікір білдірді

Sputnik / Болат Шайхинов, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2019 15:56 Sputnik / Болат Шайхинов
Депутаттар бұл арада шешім қабылдайтын тек Президент екенін, ал шешім қабылдар алдында, әдеттегідей, Қауіпсіздік кеңесімен ақылдасып алатынын, елімізде "қос билік" деген түсінік жоқ екенін қадап айтты.

Депутаттар Президенттің кейбір министрлер мен облыс әкімдерін тағайындағанда неліктен Қауіпсіздік кеңесімен ақылдасатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телаарнасына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2019 жылдың 9 қазанындағы "Президентінің кейбір актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Жарлығы қоғамда резонанс тудырған болатын.

Нұржан ӘЛТАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Конституция бойынша Президент өзі шешім қабылдайды. Бірақ қауіпсіздік кеңеспен, кеңестің төрағасымен біраз мәселелер кеңесіп, сол мәселе қабылданады. Қауіпсіздік кеңесі бір адамнан ғана тұрмайды ғой. Ол жерде мемлекеттеің басшыларының бәрі қауіпсіздік кеңеске кіреді. Сол кеңестің ішінде ақылдасып, осындай шешімдер қабылданатын болады.

Депутат Нұрлан Әбдіров Приездент кейбір министрлерді өзі тағайындауға құқылы екенін айтты. Ішкі, Сыртқы істер жөніндегі, Қорғаныс министрлік басшыларын Қауіпсіздік кеңестің көмегіне жүгінбей-ақ бекіте алады деді.

Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Президент әскери бас қолбасшы. Әскери бас қолбасшы. Сол себепті жаңағы атап отырған екі министрлік ол Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігі тікелей әскери бас қолбасшының қоластында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: