Алматы прокуратурасы ұсталғандардың туыстарының талабына қатысты пікір білдірді
Сурет: pixabay
1 ақпан күні жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен ұсталғандардың туыстары Алматы прокуратурасының алдында наразылық акциясын ұйымдастырды. Осы мәселеге орай Алматы прокуратурасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz
"Прокуратура тиісті түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды, азаматтардан өтініштер түсті. Өтініштерді қарау аясында әрбір дәлел қаралып, заңды құқықтық баға беріледі", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бүгін наразы топ ұсталған жақындарының лаңкес еместігін және жаппай тәртіпсіздікке қатыспағанын айтып, оларды босатуды талап етіп, наразылық акциясын ұйымдастырған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript