Жаңалықтар тізбегі
0

Дима Билан өзін масқаралаған қазақстандық блогерге қатысты пікір білдірді

Қазақстандық блогер, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2021 20:16 Сурет: Instagram/bilanofficial
Ресейлік әнші Дима Билан әлеуметтік желідегі өзінің мас күйінде сахнаға шыққан видеосына қатысты түсініктеме берді. Ол осы видеоны желіге жүктеген қазақстандық блогерді көптің қатты сөккенін қаламайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Дима Билан мұны Ксения Собчакқа берген сұхбатында айтты. Әнші алкогольге тәуелділік деген проблемасы барын, онымен күресуге барынша тырысатынын мойындады.

Ол атап өткендей, қалыңдық үйлену тойында әншінің мас күйінде өнер көрсетуіне түсіністікпен қарапты.

"Дим, тыңдашы, бәрін түсінеміз, біз де адамбыз", – деді ол. Барлығына қалыпты жағдай секілді қарады. Ресейлік әнші Дима Билан

Сондай-ақ, әнші Instagram-да видео жарияланғаннан кейін қазақстандық блогер Біржан Әшімге көптің оны айыптап, бас салуына қатысты жағдайға да тоқталды.

Желіге видео жүктеген блогер оның сипаттамасында Дима Биланның "аяғынан тұра алмай тұрғанын" жазған болатын.

Мәселе бар, ал оған назар аудармаса, оны мен ұнатпаймын. Бірақ тас лақтырып, аузына келгендерін айта бастаса, әрине ол адамға жанын ашиды. Әр нәрседе шек, шекара деген бар. Кешірім сұрап жатыр, қалай дегенмен де тәрбиесі бар адам екен. Ресейлік әнші Дима Билан

Ксения Собчак Дима Биланның продюсері Яна Рудковская Біржан Әшімге қысым көрсетуі мүмкін шығар деген долбарын алға тартты. Алайда әнші мұндай жағдайда олар қоңырау шалып, "видеоны жой" деп талап етіп жатпайтынын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: