Шымкент қаласы әкімінің орынбасары жаңадан тағайындалды

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл лауазымды қызметке Ерғали Білісбеков келді.

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары қызметіне Ерғали Білісбеков тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ерғали Дәулетбекұлы 1961 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша мәдени-ағарту жұмысының жетекшісі, экономист, құрылыс маманы.

Еңбек жолын 1978 жылы Шымкент қаласындағы "Казгалантерейторг" базасында жұмысшы болып бастаған.
1983-1984 жылдары - Шымкент қаласындағы ОКТУ-38 оқу орнында педагог-тәрбиеші.
1984-1988 жылдары - Шымкент қалалық педагогикалық мәдениет институтының комсомол комитетінің хатшысы.
1988-1990 жылдары - Шымкент қалалық педагогикалық мәдениет институтының кафедра меңгерушісінің орынбасары - аға лаборант.
1990-2008 жылдары - Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпорындарда басшылық еткен.
2008-2011 жылдары - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.
2011-2012 жылы Астана қаласында ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің ұйымдастыру-жұмыстары және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы.
2012-2014 жылы Астана қаласында ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы.
2014-2017 ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.
2017-2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.
2018 жылдан осы уақытқа дейін Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметін атқарып келген.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз