Батырхан Шүкеновтің суреті бар пошта маркасы шықты

Болат Өтемұратов қоры Болат Өтемұратов қоры
Тиражы - 10 мың дана.

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Батырхан Шүкеновтің суреті бейнеленген мерейтойлық пошта маркасын жасап шығарды. Маркаға фотограф Жанарбек Аманқұлов түсірген әншінің портреті негізге алынды. Тиражы - 10 мың дана, деп хабарлайды zakon.kz.

Батырхан Шүкенов қорының директоры Нарғыз Шүкенова биыл Батырдың дүниеден өткеніне бес жыл толғанын және бүкіл елімізде өткізілген еске алу іске-шаралары музыканттың және оның өнерінің қазақстандықтардың жанына қаншалықты жақын және маңызды екенін байқатқанын айтты.

Батырхан Шүкенов атындағы қор "Өнер қайраткерлері" сериясына сай марка шығару жобасын қолға алу мәселесін көтерді, ал Болат Өтемұратовтың қоры бұл идеяны қолдап, оны жүзеге асыруға көмектесті.

Батырхан Шүкенов пен Болат Өтемұратовтың қоры 2018 жылдан бастап Батырдың шығармашылық мұрасын сақтау және әлемдік деңгейдегі қазақ музыканттарының жаңа буынын тәрбиелеу мақсатында басталған ынтымақтастықта бас қосып, қолға алған өз ісстерін жалғастырып келеді.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-11/thumbs/1605685251_74.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз