Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

БҚО полиция департаменті "аруақ қызға" қатысты тексеруді аяқтағандарын мәлімдеді

Тәртіп сақшылары тексерістің әр қадамын есепке тізіп отырған.

Сурет : mgorod.kz19 Қараша 2020, 12:06

Полиция БҚО-дағы "қыздың аруағы есін шығарды деген ауылға" қатысты тексеруді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мой город" порталының хабарлауынша, тәртіп сақшылары тексерістің әр қадамын есепке алып, ешқандай да аруақ жоқ екенін дәлелдеу үшін видео да түсірген.

Видео Қаратөбе ауданы, Ханкөл ауылына кіре берістен басталады. Учаскелік инспектор видеоға қатысты түсініктеме беріп, таратылған фотосуреттерде көрсетілгендей ауылға кіре берісте асфальт бетон жабыны болмағанын атап өтті. Содан кейін полиция ауыл тұрғындарымен кездесті.

Ханкөлде аруақ та, елес те жоқ, ауыл қалыпты және тыныш өмір сүріп жатыр. Зұлым рухтар туралы барлық таратылған ақпарат сенімсіз. Мұндай нәрсені ешқайсымыз көрген емеспіз, - дейді ауыл тұрғындары.

Ал Қаратөбе полиция бөлімінің бастығы Маман Исағалиев аймақ басшысы мен полиция бөлімі басшылығының тапсырмасына сәйкес, Ханкөл ауылында тексеру жүргізілгенін айтты.

- Біз әлеуметтік желілерде тараған видеоларды мұқият зерттедік. Оның Ханкөл ауылына ешқандай қатысы жоқ екенін ресми түрде растаймын. Видео Youtube каналында алғаш рет 11 ай бұрын пайда болған. Сондай-ақ, біз Самара-Шымкент тас жолын, атап айтқанда Ханкөл ауылы орналасқан жолдың 14 шақырым учаскесін тексердік. Видеода көрсетілгендей жасыл желектер, ағаштар мұнда жоқ. Бұл ақпараттың жалған екендігін тағы бір рет дәлелдейді. Ауыл тұрғындарына қауесетке сенбеуге және жалған ақпарат таратпауға қатаң кеңес беремін, - деді Маман Исағалиев.

Алдында желіде БҚО-ның Ханкөл ауылында ақ киген қыздың аруағы жолда жүретінін, тіпті қасында бір кемпір бары да айтылып, бұл сыбыс елге жаппай тараған. Облыс әкімі Ғали Исқалиев арнайы баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына жауап бере отырып, бұл мәліметті полицияға тексеруді тапсыратынын айтқан еді. Астана телеарнасына берген сұқбатында ауыл әкімдігінің өкілі мал сойып, құрбандық шалдық, содан қыздың аруағы жоғалды деген. Одан соң қыз аруағын көрдім деп бір ауыл тұрғыны сұқбат берген еді.

Тақырыпқа орай: БҚО-да елес қызбен бетпе-бет келген келіншек өз көзімен көргенін айтты


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер