Ақсуда ер адамның кішкентай қызға шабуылдауына қатысты ақпарат расталмады
Сурет: pixabay
Тәртіп сақшылары іздестіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полиция департаментінде WhatsApp желісінде Ақсуда белгісіз ер адамның кішкентай қыз балаға «шабуыл жасағаны» жайлы тараған ақпаратқа қатысты жауап берді, деп жазады Рavlodarnews.kz.
Полицияға тұрғындардан аталған дерекке қатысы бар арыз түскен жоқ. Полицейлер аталған ауданды аралап, ақпаратты растайтын дерек таппады, – деді департаментте.
Полиция қызметкерлері тұрғындардан тек ресми мәліметтерге сүйенуді сұрайды.
Айта кетерлігі, ҚР ҚК-нің 274 бабына сәйкес, жалған ақпарат таратқаны үшін жаза белгіленген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript