Жаңалықтар тізбегі
0

Теміртауда төсек қатынасы кезінде жезөкшені өлтіріп алған жігітке қатысты сот үкімі шықты

otyrar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2020 23:55 otyrar.kz
Жігіт қызды сағатына 25 000 теңге ақыға жалдаған.

Алқабилер жезөкшені байқаусызда өлтіріп алды және ұрлық жасады деп айыпталған 19 жасар жігітке үкім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қарағанды ​​облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 19 жастағы Теміртау қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2020 жылдың 15 мамырында сағат 21.30 шамасында "Теміртау жезөкшелері" интернет сайтының бірінен бір қызды таңдаған жігіт, оны сағатына 25 000 теңге ақыға жалдаған.

Сағат 22-де қыз жігіттің үйіне келеді. Бірақ жігіт үшін бір сағат жеткіліксіз болады, сөйтіп ол интим кездесуді тағы бір сағатқа ұзартуға шешім қабылдайды. Қыз жігітке сексуалды ойындар ұсынған. Ол тұншықтыруға қатысты болған.

Жігіт қыздың өтінішін орындап, оны тұншықтыра бастайды, төсек жанындағы кішкентай тумба үстіндегі ілгіші жіп қол сөмкесін алып, оның белдігін қыздың мойнына салып, тарта бастайды. Сөйтіп жыныстық қатынасқа түседі.

Бірақ жігіт бұлайша қызға зиян тигізіп жатырмын деп ойламаған. Ал сараптама қорытындысы бойынша, ол асфиксиядан, яғни жіппен тұншықтыру кезінде қайтыс болған.

Осыдан кейін жігіт қызға интимдік қызмет үшін төлемек болған 50 000 теңгені және оның 80 000 теңгелік Orro ұялы телефонын алып кеткен.

Жаза тағайындау кезінде алқабилер бұл қылмыстың абайсызда немесе қасақана жасалған-жасалмағанын тексеоді.

Сонымен бірге сот оның кінәсін мойындауы және істеген ісіне өкінуі қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде мойындады. Сонымен қатар, жас жігіт сотқа бірінші рет тартылып отырғаны да ескерілді.

Нәтижесінде, алқабилер оны абайсызда кісі өлтіру мен ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танып, жазаны ең төменгі қауіпсіздік жүйесі мекемесінде өтей отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.
Сондай-ақ сот сотталған адамнан жәбірленуші тараптың пайдасына 3 миллион 250 мың теңге материалдық шығынды өндірді. Сонымен қатар, ол 1,4 миллион теңге көлеміндегі процессуалдық шығындарды төлеуі керек.

Үкім заңды күшіне енген жоқ, жәбірленушінің өкілі мен прокурор үкімге наразылық білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: