Жаңалықтар тізбегі
0

Аяжан Еділованың өліміне қатысты істің үкімі шықты

Аяжан Еділова, Алматы, жоғалған қыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2021 12:50 Сурет: Zakon.kz
19 жастағы қызды айуандықпен өлтірді деп айыпталған жігіт 25 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарған үкімге сәйкес, 19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірді деген айыпталушы алдағы 25 жылын түрмеде өткізеді.

Сотталушы Төребековке Қылмыстық кодекстің 120-бабы "Зорлау" бойынша 11 жылға, ал 99-бап "Адам өлтіру" бойынша 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жалпы алғанда, айыпталушыға 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жәбірленушілерге келтірілген 26 млрд 358 млн теңге моральдық шығын ішінара өтелсін. Сотталған Төребековтен жәбірленушілердің пайдасына 20 млн теңге моральдық шығын өндірілсін.Іске төрағалық етуші судья Еркін Майшинов

19 наурызда Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділова жоғалып кетті. 22 наурызда оның өлтірілгені анықталды. Полицейлер «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу жүргізіп, аталған іс бойынша Түркістан облысының 1993 жылы туған тұрғыны ұсталды.

Көп ұзамай Аяжан Еділованың денесі бөлшектелген күйде табылғаны белгілі болды. Күдікті үйден қалдықтарды шығарып, қоқыс жәшіктеріне лақтырып үлгерген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: