Алматыда өзін өтірік "полиция қызметкерімін" деп таныстыратын үшеу ұсталды

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2020 19:26 polisia.kz
Үш азаматтан тұратын қылмыстық топ Баум тоғайын торуылдаған.

Алматы қаласында жалғыз жүрген жастарды тонаған өтірік полиция қызметкерлері анықталды, – деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, үш азаматтан тұратын қылмыстық топ Баум тоғайын торуылдаған. Қылмыстық әрекеттерін кейде күндізгі уақытта да жасаған.

– Олар жалғыз жүрген жас адамдарды аңдып, өздерін "полиция қызметкеріміз" деп таныстырған, үстінде полицияның киімі де, қызметтік куәліктің имитациясы болмаса да жасөспірімдер оған сенген. Қаскөйлер жәбірленушідердің ұялы телефондары мен басқа да гаджеттерін алып кеткен. Қазір күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда біздің ауданда ғана олардың осыған ұқсас ондаған эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды. Жеңіл ақшаға құныққан айыпталушылар қаланың басқа аумақтарында да қылмыстық әрекеттерін жасауы мүмкін деген ойдамыз, сондықтан басқа азаматтар тануы үшін олардың суреттерін жариялаймыз. Егер сіз осы адамдардың құрбаны болған болсаңыз, мына телефондарға дереу хабарласуды сұраймыз: 298-54-08, 298-54-01 және 8-778-000-86-17 , – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: