Жаңалықтар тізбегі
0

Асқар Жамбакин ҚР Цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2020 01:08 primeminister.kz
Мұның алдында ол коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Асқар Серікұлы Жамбакин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды", делінген ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Асқар Жамбакин 1985 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2007 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын, 2009 жылы Манчестер университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы "Эйр Қазақстан" ЖАҚ байланыс торабының бірінші санатты байланыс технигі болып бастаған.

2010-2011 жылдары — "HSBC Қазақстан банкі" АҚ ЕБ корпоративтік жүйелер бөлімінің басшысы, директ маркетинг бойынша офицері.

2011-2014 жылдары "Қазақстанның даму банкі" АҚ әдістеме және бизнес-процестер басқармасының басшысы, бизнес-процестер және корпоративтік даму департаменттерінің директоры болып жұмыс істеген.

2014-2016 жылдары — ҚР Ұлттық банкінің төлем жүйелерін басқару және дамыту департаменті директорының орынбасары.

2016-2017 жылдары "Қазкоммерцбанк" АҚ департаменті директорының орынбасары, директоры лауазымдарын атқарған.

2017-2018 жылдары — "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" жобалық кеңсе бағдарламаларының менеджері, басқарма төрағасының кеңесшісі.

2018 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі таңға дейін коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: