Жаңалықтар тізбегі
0

Қайрат Рахымов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2020 16:28 primeminister.kz
Ол 2018 жылғы шілдеден бастап қазіргі таңға дейін ҚР Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаментінің директоры қызметін атқарды.

Қайрат Рахымов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 21 ақпандағы Қаулысымен Қайрат Болатұлы Рахымов Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды" делінген Үкіметтің ресми сайтындағы хабарламада.

Қайрат Рахымов 1985 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Сеул ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Қарағанды қаласында "Қарағанды-Жарық" ЖШС-да электромонтер болып бастаған.

2007-2015 жылдары ҚР Энергетика министрлігінде және Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы лауазымдарын атқарған.

2015-2018 жылдары — ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары.

2018 жылғы шілдеден бастап қазіргі таңға дейін ҚР Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаментінің директоры қызметін атқарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: