Мақсат Зекенов өзіне қатысты аноним-шағымды арандатушылық деп атады

23 Қараша 2020, 11:23
Сурет: Зекенов/facebook

Өткен аптада Семей полиция басқармасының басшысы қызметінен кету туралы шешім қабылдаған Мақсат Зекенов мұны қалалық полиция құрамын сыртқы арандатушылықтардан қорғау мақсатында жасағанын айтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Өткен аптада Семей қаласының ПД басшысының атына шағымданған автордың facebook-те жазбасы жарияланғандығы туралы хабарланды. Өзін таныстырмаған адам Мақсат Зекеновты қол астындағылардан ақша бопсалайды деп айыптады.

ШҚО ПД осы факт бойынша Ішкі қауіпсіздік басқармасы ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, заңға қайшы әрекеттер фактісі туралы аноним шағымды зерттеді. Олар тексеру нәтижесінде бұл дәйектер расталмағанын жариялады.

Алайда Зекенов отставкаға кетуге өз еркімен өтініш білдіріп, 23 қарашада, бүгін оның себебін түсіндірді.

"Мен, Зекенов Мақсат Амантайұлы, Семей қаласының полиция басқармасының басшысы, Семей полициясының құрамын сыртқы арандатулардан қорғау мақсатымен жұмыс орынымнан кетуге мәжбүр болдым. Соңғы апталарда мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таралып жатқан анонимді хабарламалардың себебінен менің және қызметкерлерімнің өмірінде жағымсыз оқиғалар орын алып жатыр. Мен мұны арандатушылық деп атаймын, себебі мұндай хабарламалардың заңды күші жоқ. Мені қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыптаған мән-жайларды анықтау бойынша іс-шаралар жүріп жатқанда, мен қылмыстық процестің маңызды қағидаларының бірі - кінәсіздік презумпциясына жүгінгім келеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабына сәйкес "Адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі". Кез-келген азаматтың мұндай жағдайда айғақ беруге құқығы бар, бірақ ол өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес, сондықтан менің осы айтып жатқандарым жеке шешімім болып табылады", деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Мақсат Зекенов мұндай мәлімдемелер құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер үшін әдеттен тыс орын алатынын, бірақ заңдылықты сақтау үшін бұл жағдайға басқа тараптан да қарағандарыңыз жөн деп санайды.

"Үкім шығарар алдында дәлелдемелер тексерілетін, тараптар мен куәгерлерден жауап алынатын, сарапшылардың қорытындылары тыңдалатын, заттай дәлелдемелер, хаттамалар және басқа да құжаттар ұсынылатын процесс өтуі керек. Егер Семей қаласының тұрғындары менің қызметімді қаламызда жалғастырғанымды қаламаса, мен полиция басшысы қызметінен кетемін. Бірақ мен бұл қадамды ешқандай дәлелсіз жазылған анонимді хаттар үшін емес, тек тұрғындардың өтініші бойынша жасаймын", - дейді ол.

Ол құқық қорғау органдарында жұмыс істей береді ме немесе зейнетке шығады ма, оны ішкі істер жүйесі шешетінін айтады.

"Қазіргі кезде әлемді жаулаған пандемия мен цифровизацияның қарқынды дамуына байланысты біз тек денсаулығымыз үшін ғана емес, сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздігіміз үшін де күресуге мәжбүр болып отырмыз.Өзіңізге, жақындарыңызға және достарыңызға қамқор болыңыздар."


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?